Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің имамы Азамат Төлеуханұлы жамағатқа «Қажының рухани келбеті» тұғырнамалық құжатын таныстырды. Аталған құжат Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы негізінде өткен «Имам – ізгі қоғам жаршысы» V Республикалық имамдар форумында қабылданған ресми құжаттар қатарында болды.
Тұғырнамада қажылыққа баратын азаматтың рухани дайындық деңгейі, ибадат әдебі, моральдық-этикалық жауапкершілігі, сондай-ақ қажылық кезеңінде сақталуы тиіс мінез-құлық нормалары жан-жақты сипатталған.
Құжаттың негізгі мақсаты – жамағатқа қажылық ibадатының мәнін терең түсіндіру, оның сыртқы рәсімдерімен қатар рухани-тәрбиелік қырларын ашу. Сонымен қатар тұғырнама қажылардың діни сауаттылығын арттыруға, сапар барысындағы тәртіп пен өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Бұл шара Ар-Рахман мешітінің жамағатты діни тұрғыдан сауаттандыру және маңызды діни рәсімдер жөнінде жүйелі ақпарат беру бағытындағы тұрақты жұмыстарының бір бөлігі ретінде жүзеге асырылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы