Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлының ұйымдастыруымен аптасына екі мәрте ақида пәнінен тұрақты дәрістер өтіп келеді.
Дәрістер барысында жамағатқа ислам сенім негіздері, иман шарттары, мұсылманның сенімге қатысты ұстанымдары жан-жақты түсіндіріледі. Сонымен қатар, қатысушылар ақида ілімінің маңызын терең ұғынып, көкейлеріндегі сұрақтарына толыққанды жауап алуда.
Тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан бұл дәрістер жамағаттың діни білімін арттырып, дұрыс сенім қалыптастыруға ықпал етуде.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы