Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы «Дін мен дәстүр» бағыты аясында «Халықтың тәлім-тәрбие құралы – би, шешендер және жыраулар сөздері» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
Берекелі отырыс барысында ұстаз насихат айтып, жастарды ұлттық және рухани құндылықтарды сақтауға шақырды.
Сонымен қатар халықтың даналық сөздерінің, би мен шешендердің айтқан өсиеттерінің жастар тәрбиесінде маңызы, отбасы мен қоғамдағы әдеп пен сыйластыққа үйретудегі рөлі кеңінен түсіндірілді.
Шәкірттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толық әрі түсінікті жауап алды.
Кездесу жастардың рухани дүниесін байытуға, дәстүр мен дін сабақтастығын танып-білуге бағытталған мазмұнды әрі тәрбиелік шара ретінде өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы