Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстаздары Бақытгүл Айтқалиқызы және Гүлнұр Қаныбекқызының ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында әйелдің ахлақ тұрғысындағы міндеттері, мұсылман әйелдің әдеп-ғұрыптары, отбасындағы сыйластық, береке мен сүйіспеншілік мәселелері кеңінен талқыланды.
Ұстаздар қатысушыларға отбасының рухани маңызды құндылықтарын сақтаудың, балалар тәрбиесінде әдеп пен мейірімділікті үлгі ету жолдарын түсіндірді.
Шәкірттер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, тәжірибелік кеңестер берілді. Бұл семинар жастар мен әйелдерге отбасылық қатынастарда береке мен сүйіспеншілікті сақтауға, имандылыққа негізделген өмір салтын қалыптастыруға бағытталған мазмұнды сабақ ретінде өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы