Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде ел көлемінде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында тазалық акциясы ұйымдастырылды.
Шараға мешіт имамы Нұров Махмуд қажы Нұрұлы жетекшілік етіп, дін қызметкерлері мен жамағат белсенді түрде атсалысты.
Қатысушылар мешіт ауласын қардан тазартып, көлік тұрағының айналасын ретке келтірді.
Имам Махмуд қажы Нұрұлы тазалықтың – иманның жартысы екенін айтып, жамағатты қоршаған орта мен құлшылық орындарының тазалығына ұқыптылықпен қарауға үндеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы