Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде елімізде қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық шарасы өтті.
Игі істі мешіттің бас имамы Рауан Төлеубекұлы ұйымдастырды. Акцияға мешіт жамағаты мен дін қызметкерлері белсене атсалысып, мешіт ауласын қардан тазалап, айналасын ретке келтірді. Сонымен қатар мешіт ішінде де жалпы тазалық жұмыстары жүргізіліп, жамағатқа қолайлы, таза орта қалыптастырылды.
Мешіт ұжымы мен жамағаты мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы