Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде ислам ғылымдарының маңызды саласы саналатын хадис ілімін оқыту бойынша атақты ғалым, имам Науауийдің (р.а.) классикалық еңбегі «Риядус Салихин» кітабы негізінде дәріс жүргізілуде.
Дәрісті Жолдыбаев Заңғар ұстаз өткізіп, Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-нің хадистерінде қамтылған рухани және ахлақтық құндылықтар, тақуалық, көркем мінез, қоғаммен қарым-қатынас әдебі, сондай-ақ құлшылыққа қатысты мәселелерін жан-жақты түсіндіруде.
Сонымен қатар сұрақ-жауап пен талқылау әдісі арқылы жамағаттың алған білімін бекітуге және тереңдетуге мән берілуде.
Сабақтың негізгі мақсаттары:
• жамағаттың сүннетке сай білімін арттыру;
• діни сауаттылықты күшейту;
• қоғамда рухани тұтастық пен ізгілікті насихаттау.
Бұл игі бастама «Ар-Рахман» мешітінің діни-ағартушылық қызметін жандандырып, жамағаттың имани тәрбиесін күшейтуге бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы