Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №7 өрт сөндіру бөлімінде «Бала қажы» мешітінің молдасы Асхат Сүйіндік мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Шара аясында жеке құрам қызметкерлеріне “Жат ағымдардан сақтану” тақырыбында дәріс оқылды.
Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың негізгі белгілері, олардың қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін кері ықпалы, сондай-ақ алдын алу шаралары түсіндірілді.
Сонымен қатар діни ақпаратты тек ресми дереккөздерден алу маңыздылығы ерекше атап өтілді. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайттары мен жергілікті мешіттердің ресми әлеуметтік желідегі парақшаларына жүгіну ұсынылды.
Іс-шараның басты мақсаты қызметкерлердің діни сауатын арттыру, ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және деструктивті идеологияның алдын алу болып табылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы