Ж.К.Бөкенов атындағы Қарағанды Банк колледжінде Республика күніне орай “Барлық конфессиялар бір шаңырақ астында” атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Қарағанды қалалық “Бала қажы” мешітінің имамы Жанәділ Манарбекұлы қатысып, діндер арасындағы татулық, өзара құрмет, бірлік пен ынтымақ туралы тағылымды пікірін жеткізді.
Кездесу барысында жастарға елді сүю, ұлттық құндылықтарды қастерлеу, дін мен дәстүр сабақтастығын сақтау, ұлтаралық татулықты нығайту бағытында ой қозғалып, қатысушылар өзара пікір алмасты. Бұл басқосу жас буынның рухани санасын көтеруге, бейбітшілік пен келісімнің маңызын ұғындыруға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы