Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті «Хаким» қайырымдылық қорына үлес қосты. Ізгі ниетті іс-шара аясында мешіт ұжымы тарапынан бірнеше кілем қор игілігіне берілді.
Зекет және қайырымдылық бағытының жауапты маманы Нұрғали Байкешев мешіт атынан аталған кілемдерді қор басшысы Рүстем Нілдібекұлына табыстады.
Бұл игі іс — қоғамда мейірім мен жомарттықты насихаттауға, сондай-ақ мұқтаж жандарға көмек көрсететін қайырымдылық бағытындағы бірлік пен бауырмалдықты арттыруға бағытталған.
Іс-шара соңында қор жетекшісі мешіт ұжымына алғыс айтып, Алла разылығы үшін жасалған әрбір қайырымды істің сауабы еселене берсін деген тілегін жеткізді.
ҚМДБ Қарағанды олбысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы