Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде әйелдер жамағатына арналған діни дәрістер өз жұмысын бастады.
Дәрістер аясында Құран оқуды үйрену, Сира (Пайғамбарымыздың ﷺ өмірбаяны) және фиқһ (дін негіздері) тақырыптары қамтылып отыр. Сабақтарды мешіт ұстазы Амангелді Меруерт жүргізіп келеді.
Ұстаз жиналған шәкірттерге діни білімнің маңызын түсіндіріп, рухани тәрбиенің қоғамдағы және отбасындағы орнына тоқталды. Сонымен қатар әйелдер жамағатын мешіт өміріне белсене араласуға және қайырымдылық пен ізгі істерде үлгі болуға шақырды.
Бұл бастама – қала әйелдерінің діни сауатын арттырып, рухани құндылықтарға деген қызығушылығын күшейтуге бағытталған игі іс болып табылады.
ҚМДБ Қарағанды олбысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы