Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен «Жастар – руханият шамшырағы» атты тағылымдық семинар өтті.
Іс-шара қалалық «Бұхар жырау» атындағы орталық кітапханада ұйымдастырылып, оған мектеп оқушылары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында имам Әбілхайыр Кәсенұлы жастардың қоғамдағы және дін жолындағы орны туралы кеңінен баяндап, руханияттың адам өміріндегі маңызына тоқталды. Сонымен қатар имандылық, ізгілік пен жауапкершілік секілді қасиеттердің жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушылар имамға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасу өрбіді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жастардың рухани дүниесін байытып, имандылыққа, отансүйгіштік пен ізгілікке баулу болды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы