Шахтинск қаласында Александр есімді азамат ислам дінін қабылдады
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде қуанышты әрі мәні терең оқиға болды. Александр есімді азамат ислам дінін қабылдап, мұсылман атанды.
Діни рәсімді мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы мен азаншы Нұрғали Берікқұлұлы жүргізді. Салауатты рәсім барысында Александр өз шешімін жүрек қалауымен, шынайы ықыласпен қабылдағанын айтты.
Жаңа мұсылман бауырымызға мешіт атынан орыс тіліндегі «Намаз оқып үйренейік» атты кітапша сыйға тартылды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы