Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ: «ЕЛ ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 864-865 БАСПАНАЛАРДЫҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
ҚАРАҒАНДЫ: «ЕЛ ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 864-865 БАСПАНАЛАРДЫҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асып келе жатқан «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық жобасы Қарағанды облысына қарасты Шет ауданында жалғасын тапты. Игі шара аясында республика бойынша 864 және 865-баспананың кілттері табысталды.

 

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігі және жергілікті кәсіпкер азаматтардың қолдауымен өткен салтанатты шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы қатысып, қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтап, шаңырақтарына құт-береке тіледі.

 

Жоба аясында табыс етілген 864-қызметтік пәтер Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітіне берілді. Ал 865-үйдің кілті Шет ауданының тұрғыны, бес баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты көпбалалы анаға табысталды.

 

Қоныс тойында аудан тұрғындары мен жанашыр азаматтар игі тілектерін білдіріп, жаңа баспанаға бақ-береке тілеп, қуанышқа ортақтасты.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz