Center Image
IHSAN.KZ
Ақжал кентінде рухани Мәуліт кеші өтті
Ақжал кентінде рухани Мәуліт кеші өтті

Қарағанды облысына қарасты Шет аудандық Ақжал кенті мешітінің имамы Абильмашев Богдан Насырұлының ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) құрметіне рухани Мәуліт кеші өткізілді.

Шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бауыржан Мейірбекұлы арнайы қатысып, Мәуліт оқылып, жамағатқа тағылымды уағыз-насихат айтты.

Кеш барысында Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірі мен өнегесі насихатталып, жамағатпен бірге дұға жасалды. Іс-шара соңында көпшілікке дастархан жайылып, қонақтарға дәм ұсынылды.

Құрмет белгісі ретінде Бауыржан ұстаздың иығына шапан жабылып, сый - құрмет көрсетілді.

Мәуліт кеші жамағаттың рухани байланысын нығайтып, көркем мінез бен ізгі амалдарға үндеу ретінде мәресіне жетті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz