Center Image
IHSAN.KZ
Иммундау және қоғам саулығы талқыланды
Иммундау және қоғам саулығы талқыланды

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің наиб имамы Асет Наурызбайұлы  «Jysan Med» ЖШС-нің ұйымдастыруымен өткен «Иммундау баршаға - адами күште» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Шара барысында иммундаудың қоғам денсаулығын қорғаудағы рөлі, жұқпалы аурулардың алдын алу, сондай-ақ адам капиталының дамуына қосатын үлесі туралы жан-жақты пікір алмасылды.

Мамандар вакцинацияның тиімділігі, халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту және профилактикалық шараларды дамыту бағыттарына тоқталды.

Кездесу соңында қатысушылар денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz