Center Image
IHSAN.KZ
«Ар-Рахман» мешітінде діни тұрақтылық тақырыбында насихат жүргізілді
«Ар-Рахман» мешітінде діни тұрақтылық тақырыбында насихат жүргізілді

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде жамағатқа арналған «Діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу» тақырыбында түсіндірме-насихат жұмысы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, радикалды діни ағымдардың теріс ықпалынан сақтандыру және жастардың діни сауаттылығын арттыру болды.

Мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы өз сөзінде діни тұрақтылық пен ынтымақтың маңыздылығын атап өтіп, әрбір мұсылманның сенім мен амал мәселесінде дұрыс діни танымға ие болуы қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ, Құран мен сүннетке негізделген дәстүрлі Ханафи мәзһабы мен Матуриди ақидасының қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтаудағы рөліне тоқталды.

Бұл түсіндірме кездесу жамағаттың діни білімін арттырып, қоғамда бейбітшілік пен рухани қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды шара болды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz