ҚМДБ Қарағанды облысы «Әйел-қыздар» секторына қарасты «Ханифа» қыздар даму клубының ұйымдастыруымен «Әкенің отбасындағы рөлі» атты мазмұнды рухани іс-шара өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда отбасы құндылықтарын дәріптеу, әкенің жауапкершілігі мен рухани беделін арттыру, сондай-ақ ұлт болашағының тәрбиесінде әкенің орнын айқындау болды.
Шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Айгерім Берікболқызы мұрындық болып, қатысушыларға әкені қадірлеу, оған құрмет көрсету және отбасындағы имани тәрбие жайында мазмұнды насихат айтты.
Берекелі дастархан басында өткен кездесуде қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, қоғамдағы әке беделін нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, қатысушыларға үлгілі әке болудың исламдағы орны мен мәні түсіндіріліп, тәрбиелік мәні зор кеңестер берілді.
Іс-шара соңында Құран оқылып, ел мен жердің амандығы үшін дұға жасалды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы