Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылдық «Ғыйзат қажы» мешітінде «Он күнде Құран оқып үйренейік» атты діни сауат ашу дәрісі оң нәтижесін көрсетті.
Игі бастама мешіт имамы Орынбай Ерланның ұйымдастыруымен өткізілуде. Сабақ барысында шәкірттер Құран әліппесін меңгеріп, қасиетті Құран Кәрімді оқуға түсті.
Бұл сабақтың басты мақсаты – жамағаттың Құран оқу сауатын арттыру, Алланың сөзін дұрыс әрі көркем оқуға үйрету және діни білімге деген ынтаны күшейту болып табылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы