Center Image
IHSAN.KZ
Балқаш қаласында ақида пәнінен білім сайысы өтті
Балқаш қаласында ақида пәнінен білім сайысы өтті

Балқаш қалалық мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлының ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай мешіт жамағаты арасында ақида пәнінен білім сайысы өткізілді.

Шараға Қарағанды облыстық “Әнет баба” мешітінің наиб имамы Данияр Ерікұлы арнайы шақырылып, әділ қазылық етті.

Сайыс барысында қатысушылар өз білімдерін сынап, ақида іліміндегі түсініктерін ортаға салды. Нәтижесінде үздіктер анықталып,

бірінші орын иегері – 70 000 теңге,

екінші орын – 50 000 теңге,

үшінші орын – 30 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Мешіт имамы Нұрболат Сейлханұлы жамағатқа алғысын білдіріп:

“Бұл сайыс — білімге деген ынтамызды арттырудың бастауы ғана. Алдағы уақытта да білімді жетілдіріп, иманымызды күшейтуге күш салайық”, — деп насихат айтты.

Сондай-ақ ол шараға қатысып, қолдау білдірген наиб имам Данияр Ерікұлына ыстық ықыласын білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz