Center Image
IHSAN.KZ
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАРТТАР ҮЙІ ЗИЯРАТ ЕТІЛДІ
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАРТТАР ҮЙІ ЗИЯРАТ ЕТІЛДІ
25 қазан – Республика күніне орай Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлының бастамасымен және мешіт ұстазы Ажар Кидирмановнаның ұйымдастыруымен қаладағы қарттар үйіне қайырымдылық зияраты жасалды.

Іс-шара барысында мешіт қызметкерлері мен еріктілер қарттармен емен-жарқын әңгімелесіп, дастарқан жайып, сый-құрмет көрсетті. Сонымен қатар, мешіт ұстазы игілік пен сабыр, ата-анаға құрмет, мейірім мен ізгілік жайында насихат айтылып, үлкендерге ізгі тілектер жолданды.

Бұл игі шараның мақсаты – қоғамдағы қарияларға қамқорлық танытып, оларға рухани және моральдық қолдау көрсету, сондай-ақ жастардың бойында мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz