Center Image
IHSAN.KZ
«Ар-Рахман» мешітінде Республика күніне рухани іс-шара ұйымдастырылды
«Ар-Рахман» мешітінде Республика күніне рухани іс-шара ұйымдастырылды
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде Республика күні қарсаңында мешіт шәкірттеріне арналып, отансүйгіштік, мемлекет пен тәуелсіздік құндылықтарын ұлықтауға бағытталған рухани-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Ізгі іс аясында мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы шәкірттерге Отанға деген сүйіспеншілік, ел бірлігі және тәуелсіздіктің маңызы жөнінде тағылымды насихат жүргізіп, еліміздің тарихы мен мемлекеттік рәміздері туралы кеңінен түсіндірме берді. Сонымен қатар, шәкірттердің танымдық қабілетін арттыру және ой-өрісін кеңейту мақсатында интеллектуалды сұрақ-жауап ойыны өткізілді.

Іс-шара соңында белсенділік танытып, сұрақтарға нақты және мазмұнды жауап берген шәкірттерге мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталды.

Бұл игі бастама жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға, елге деген сүйіспеншілігін арттыруға және рухани тәрбиесін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz