Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен 25 қазан — Республика күніне орай мешіт жамағатына және қала тұрғындарына мемлекеттік жалау үлестірілді. Үлестіруге мешіт ұжымы да белсене қатысты.
Іс-шараның мақсаты — еліиіздің рәміздеріне құрмет көрсету, отансүйгіштік сезімді арттыру және рухани бірлікті нығайту болды.
Имам өз сөзінде:
«Республика күні — тәуелсіздігіміздің, рухымыздың және бірлігіміздің айғағы. Мемлекеттік Ту жһәрбір азаматтың жүрегінде мақтаныш сезімін ұялататын қасиетті нышан. Елге, Отанға деген сүйіспеншілік осы рәміздерге құрметпен басталады», — деп атап өтті.
Салтанатты рәсімге қатысушылар имам мен мешіт ұжымына алғыстарын білдіріп, мемлекеттік жалауды үлкен қуанышпен қабыл алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы