Center Image
IHSAN.KZ
Республика күніне орай жетімдер үйі зиярат етілді
Республика күніне орай жетімдер үйі зиярат етілді

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлы Республика күні мерекесіне орай қаладағы жетімдер үйіне арнайы барып, балаларға қуаныш сыйлады.

Шара барысында тәрбиеленушілерге ыстық тағам, түрлі жеміс-жидектер мен тәттілер таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Мекеме басшылығы мен қызметкерлері игі бастама үшін мешіт ұжымына өз алғыстарын білдіріп, бұл іс-шараның балалар үшін үлкен рухани және моральдық қолдау болғанын атап өтті.

Аталған қайырымдылық шарасы — қоғамдағы ізгілік пен мейірімділікті насихаттауға, сондай-ақ Республика күні мерекесінің рухын ерекше сезіндіруге бағытталған игі іс болды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz