Center Image
IHSAN.KZ
«Ар-Рахман» мешітіндегі бейсенбілік басқосуда имандылық құндылықтары насихатталды
«Ар-Рахман» мешітіндегі бейсенбілік басқосуда имандылық құндылықтары насихатталды

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде дәстүрлі бейсенбілік рухани отырыс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жамағат арасында рухани бірлікті нығайту, діни танымды кеңейту және имандылық құндылықтарын дәріптеу.


Отырыста мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы «Рухани жаңғыруда білім алудың артықшылығы» тақырыбында мазмұнды уағыз-насихат айтты. Өз сөзінде имам рухани жаңғырудың түп негізі – иман мен білімнің үйлесімінде екенін атап өтіп, мұсылман үшін ілім іздеудің, өзін-өзі жетілдірудің және қоғам игілігіне қызмет етудің маңызын түсіндірді.


Сонымен қатар қатысушыларға Құран мен сүннет тұрғысынан білім алудың рухани және әлеуметтік мәні кеңінен баяндалып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.


Аталған рухани отырыс – мешіттің діни-ағартушылық және тәрбиелік бағыттағы тұрақты жұмыстардың бірі. Ол жамағаттың діни сауаттылығын арттыруға, рухани тұтастықты қалыптастыруға және қоғамда ізгі құндылықтарды насихаттауға бағытталған.


ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz