18 қазан — Рухани келісім күніне орай мешіттердің жамағаты арасында достық футбол ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — бауырмалдықты арттыру, бірлікті нығайту және денсаулықты нығайтуды насихаттау болды.
Ойын тартысты әрі достық рухта өтті. Әр команда жеңіске деген жігерін, өзара құрмет пен ынтымақты көрсетті.
Мешіт жамағатының тек дін жолында ғана емес, спортта да үлгі бола алатыны қуантады.
Бұл игі іс-шара Теміртау қаласының орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің бас имамы Ақниет Сәлімбайұлының бастамасымен өткізілді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы