Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Махмұд қажы Нұрұлы 25 қазан — Республика күніне орай шәкірттермен «Бірлік пен тәуелсіздіктің белгісі» атты рухани кездесу өткізді.
Мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен өткер шараның мақсаты – жастарға еліміздің тәуелсіздік тарихын ұлықтап, ел бірлігінің маңызын түсіндіру, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру болды.
Кездесу барысында имам Махмұд қажы Нұрұлы тәуелсіздіктің қазақ халқы үшін қаншалықты қастерлі ұғым екенін атап өтіп, елдің тұтастығын сақтауда бірлік пен имандылықтың рөлін түсіндірді. Сондай-ақ, шәкірттермен рухани сұхбат өткізіліп, олардың қойған сұрақтарына жауап берілді.
Шара соңында Хатым Құран дұғасы оқылып, ел мен жердің амандығы, тыныштығы мен тұрақтылығы үшін арнайы дұға жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы