Рухани келісім күніне орай Қарқаралы ауданына қарасты Қарағайлы кентінде жастармен тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Қарағайлы кенті мешітінің имамы Тезекбай Ғалым 11-сынып оқушыларымен жүздесіп, рухани келісім мен бейбітшіліктің қоғамдағы маңызы туралы уағыз-насихат жүргізді.
Имам жастарды татулық пен өзара құрметке, сондай-ақ діни және ұлттық құндылықтарды сақтауға шақырды. Кездесу соңында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасу өтті.
Осындай шаралар өскелең ұрпақтың бойында рухани бірлік пен келісімнің қадірін ұғынуға септігін тигізеді.