Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Оразалы Ноянұлының ұйымдастыруымен ақида пәнінен дәрістер тұрақты түрде жалғасуда.
Дәрістер барысында жамағатқа исламдағы сенім негіздері, Алла Тағаланың сипаттары, пайғамбарларға иман, тағдырға сену және ақиданың мұсылман өміріндегі маңызы кеңінен түсіндірілуде.
Мешіт жамағаты дәрістен үлкен рухани әсер алып, діни білімін тереңдетуге ниет білдірді. Алдағы уақытта да аталған дәрістер жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді.