Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінің ұстазы Әлия Рахманқызы әйелдер жамағатына уағыз-насихат жүргізді.
Ол «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың себептері мен салдары» тақырыбында насихат айтып, отбасы бірлігінің маңызын түсіндірді.
Сонымен қатар жамағатпен пікір алмасып, рухани кеңес берді.
Кездесу соңында дұға жасалып, қатысушыларға ізгі тілектер айтылды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі