Қарағанды облысы Теміртау қалалық орталық «Жақып Ақбай» мешітінің ұстаздары Ақниет Дәуірғалиқызы, Индира Нұртайқызы және Муслима Абдраймқызының ұйымдастыруымен қарттар үйінде қайырымдылық іс-шара өтті.
Іс-шара «Қарты бар үй – қазыналы үй» деп аталды. Ұстаздар қарттармен әңгімелесіп, жылы лебіздерін білдірді.
Қарттарымызға құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар табысталды. Іс-шара рухани әсер мен ізгі тілекке толы болды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі