Center Image
IHSAN.KZ
ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚМДБ-ның 2025 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес «Жат діни ағымдардан сақтандыру және оңалту» бағыты аясында Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлы Қарағанды қаласындағы Банк колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында имам студенттерге дәстүрлі Ислам дінінің құндылықтары, діни сауаттылықтың маңызы және жат ағымдардың қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін зиянды әсерлері туралы кеңінен түсіндіріп, теріс ағымдардың алдын алу бағытында насихат жүргізді.

Сонымен қатар, кездесуде «Күнделікті өмірде адалдық пен әділдік» және «Әлеуметтік желілер: ислам тұрғысынан зиян ба, әлде пайда ма?» тақырыптары қозғалып, жастарға осы мәселелер бойынша діни және адамгершілік тұрғыда түсініктемелер берілді.

Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауаптар берілді. Шараға барлығы 60-қа жуық студент қатысып, кездесудің пайдалы әрі мазмұнды өткенін атап өтті.

Бұл шараның негізгі мақсаты – жастардың діни танымын кеңейту, дәстүрлі құндылықтарға құрметпен қарауға және діни тұрақтылықты сақтауға шақыру болды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz