Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлы жамағатпен кездесіп, «Жат діни ағымдардан сақтану және діни танымды күшейту» тақырыбында мазмұнды уағыз-насихат өткізді.
Кездесу барысында имам қоғамда діни тұрақтылық пен бірліктің маңыздылығына тоқталып, дәстүрлі Исламның асыл қағидалары мен оның тәрбиелік мәнін түсіндірді. Сондай-ақ, халық арасында теріс бағыттағы идеологиялардың таралуының алдын алу жолдары кеңінен сөз болды.
Имам Рүстем Мұратұлы жамағатты діни сауаттылықты арттыруға, ҚМДБ бекіткен сенім мен мәзһаб ұстанымдарын берік сақтауға шақырды. Сонымен бірге, ел ішіндегі бейбітшілік пен бірлік – дін мен дәстүрдің сабақтастығында екенін атап өтті.
Жиын соңында жамағат өз ойларымен бөлісіп, уағыз барысында айтылған пайдалы мәліметтер үшін алғыстарын жеткізді.