Center Image
IHSAN.KZ
«Күмісбек молда» мешітінде мерекелік рухани кеш өтті
«Күмісбек молда» мешітінде мерекелік рухани кеш өтті

Шет ауданына қарасты «Күмісбек молда» мешітінде Республика күні мен қасиетті Мәуліт айының құрметіне арналған рухани кеш ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – ел бірлігі мен рухани тұтастықты дәріптеу, сондай-ақ Алла Елшісі Мұхаммедтің (с.ғ.с.) көркем мінезін үлгі ету болды.

Кеш барысында жамағат Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар айтып, Құран аяттары оқылды. Ата-баба рухына дұға бағышталып, ел мен жердің амандығы үшін тілектер айтылды.

Мешіт имамы жамағатқа Республика күнінің тарихи маңызы мен тәуелсіздік құндылығы жөнінде, сондай-ақ Мәуліт мерекесінің рухани тәрбиелік мәні жайлы тағылымды уағыз айтты.

Кеш соңында қатысушылар игі іс-шараның әсерімен рухани серпіліс алып, ұйымдастырушыларға ризашылық білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz