Center Image
IHSAN.KZ
«Хазрет Али» мешітінде Рухани келісім күніне орай насихат айтылды
«Хазрет Али» мешітінде Рухани келісім күніне орай насихат айтылды

18-қазан – Рухани келісім күніне орай Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлы мешітке жиналған жамағатқа «Татулық – бейбітшілік кепілі» тақырыбында насихат айтты.

Шараның мақсаты – қоғамда өзара сыйластық пен ынтымақты нығайту, рухани келісім мен бірлік қағидаттарын насихаттау болды.

Насихат барысында имам Ербол Мұқанұлы жамағатқа бейбіт өмірдің, татулық пен бірліктің дініміздегі және қоғам өміріндегі маңызын түсіндіріп, Алланың разылығына жетудің жолы – өзара сыйластық пен мейірімде екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірінен мысал келтіре отырып, мұсылманның басты міндеті – ел ішіндегі тыныштықты сақтау мен бауырмалдық сезімін күшейту екенін айтты.

Кездесу соңында жамағат имамға алғысын білдіріп, рухани келісім мен бірлікке шақырған мазмұнды уағыздың жалғасын тіледі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz