Center Image
IHSAN.KZ
Абай ауданында Рухани келісім және Республика күніне орай кездесу өтті
Абай ауданында Рухани келісім және Республика күніне орай кездесу өтті

Рухани келісім күні және ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Абай ауданында дін саласының өкілдері, мәдениет қызметкерлері және ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуге Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлы, Топар кенті мешітінің имамы Мурсали Қаленұлы және ауданның бірқатар дін қызметкерлері қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Кездесу барысында қатысушылар рухани келісім – бұл тек әртүрлі мәдениет пен дін өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі ғана емес, сонымен қатар елдің болашағы үшін ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.

Өйткені бейбітшілік пен келісім әр адамнан басталады: жылы сөзден, қол ұшын созудан, жақыныңды түсініп, тыңдай білуден. Күнделікті өмірде осындай игі істер көп болған сайын, қоғамның да негізі соғұрлым берік болмақ.

Кездесудің мақсаты – өзара пікір алмасу, ынтымақтастықтың жаңа жолдарын табу, соның ішінде діни экстремизм мен радикализмнің таралуына жол бермеу бағытында бірлескен жұмыс жүргізу болды.

Кездесу соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz