Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде жамағат арасында ақида пәнінен сайыс өтті
«Төлеутай ата» мешітінде жамағат арасында ақида пәнінен сайыс өтті

ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сай «Жат діни ағымдардан сақтандыру және оңалту» бағыты аясында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен ақида пәнінен «Таза сенім – таза жүрек» атты сайыс өткізілді.

Аталған сайыс мешіт жамағаты арасында ақида дәрістерінің қорытындысы ретінде ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – жамағаттың діни сауатын арттыру, сенім мәселесіндегі дұрыс түсінікті қалыптастыру және жат ағымдардың ықпалынан сақтандыру болды.

Сайысқа мешітте тұрақты түрде дәріс алып жүрген жамағат белсенді қатысып, өз білімдерін сынға салды.

Әділқазылар алқасының құрамында «Жат діни ағымдардан сақтандыру және оңалту» бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Данияр Ерікұлы және «Міржақып Дулатұлы» мешітінің имамы Жасұлан Манапұлы болды.

Қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, өздерінің діни білім деңгейін көрсетті. Нәтижесінде жеңімпаздар алғыс хаттармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Шара соңында имам Рауан Төлеубекұлы қатысушыларға алғысын білдіріп, діни білім алу мен дұрыс сенімнің қоғамдағы маңыздылығына тоқталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz