Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде сира пәнінен дәрістер жалғасуда
«Қазыбек би» мешітінде сира пәнінен дәрістер жалғасуда

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған сира (Пайғамбарымыздың өмірбаяны) пәнінен ашық сабақ ұйымдастырылды.

Дәрісті мешіт ұстазы Ажар Кидирманова жүргізді. Ашық сабақ барысында ұстаз қатысушыларға Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмір жолы, көркем мінезі мен мұсылман әйелге тән өнегелі қасиеттер туралы кеңінен түсіндірді.

Шараның мақсаты – әйел жамағатының діни білімін арттыру, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірінен тәлім алу және қоғамдағы рухани құндылықтарды дәріптеу болды.

Дәріс соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, алдағы уақытта да осындай мазмұнды дәрістердің жалғасын табуын тіледі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz