18-қазан – Рухани келісім күніне орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлы «Молодежный» мәдениет үйінде әскери бөлім сарбаздарымен кездесу өткізді.
Шараның мақсаты – қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілік, дінаралық және ұлтаралық татулық қағидаттарын насихаттау болды.
Іс-шараға қаланың түрлі діни конфессия өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері мен әскери бөлім сарбаздары қатысты. Кездесу барысында имам Рауан Төлеубекұлы рухани келісім мен өзара сыйластықтың қоғам үшін маңыздылығына тоқталып, жастарды ізгілік пен бірлікке, елге адал қызмет етуге шақырды.
Шара соңында қатысушылар рухани келісімнің бейбіт өмір мен тұрақтылықтың кепілі екенін атап өтіп, ел бірлігі жолында қызмет етудің маңыздылығын ерекше атап өтті.