ҚМДБ-ның Қарағанды облысы, Сұрыптау кенті «Қамзе» мешітінде
«Көркем мінез иесі Әз-Мұхаммед» атты рухани мәуліт кеші өтті.
Сұрыптау кенті «Қамзе» мешітінің имамы Думан Қамариденұлының ұйымдастыруымен өткен рухани кешке дін қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, дін жанашырлары және мешіт жамағаты қатысты.
Сонымен қатар, облыстық «Әнет баба» мешітінің
ұстазы Жүсіп Шұғайұлы Алла Елшісінің (с.а.с.) өнегелі өмірінен насихаттар
айтты.
Кеш барысында облыстық «Әнет Баба» мешітінің ұстазы Бауыржан Мейірбекұлы мәуліт оқыды.
Кеш қызықты ойын-сұрақтармен жалғасып, жамағатқа«Мәуліт сыйы» үлестірілді.
Рухани мазмұнға толы кешке жиналған жамағат ерекше әсер алып, Мәуліт айының берекесін сезінді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі