«Ислам және отбасы құндылықтары» жылы аясында Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған «Отбасылық береке» тақырыбында рухани-танымдық насихат өткізілді.
Іс-шараны мешіт ұстазы Ажар Кидирманова ұйымдастырды. Дәріс барысында ұстаз қатысушыларға отбасы құндылықтарының мәні мен маңызы, бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі, ер мен әйелдің отбасындағы өзара рөлі мен міндеттері жайында жан-жақты түсіндіріп, діни тұрғыдан кең көлемді насихат айтты.
Сонымен қатар, дәріс аясында қатысушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, күнделікті өмірде кездесетін отбасылық мәселелерді шешудің исламдық жолдары талқыланды.
Шара соңында ұстаз жиналған жамағатқа ізгі тілегін білдіріп, әрбір мұсылман отбасында өзара сыйластық, мейірім мен берекенің орнауына шақырды.