Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында «Исламдағы бала тәрбиесі» тақырыбында жас отбасылармен рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Шараны мешіттің наиб имамы Әсет Наурызбайұлы өткізіп, қатысушыларға исламдағы отбасының орны, ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігі, жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу, дұға мен ізгі ниеттің бала өміріне әсері секілді тақырыптарда кеңінен түсінік берді.
Сондай-ақ, Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ның бала тәрбиесіндегі өнегелі іс-әрекеттерінен мысалдар келтіріліп, отбасылық татулық пен сүйіспеншіліктің дініміздегі маңызы атап өтілді.
Кездесу соңында жас отбасылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.
Іс-шараның басты мақсаты — жас отбасылардың діни сауатын арттыру, ұрпақ тәрбиесінде имани құндылықтарды дәріптеу және қоғамда үлгілі отбасылар қатарын көбейту болып табылады.