Теміртау қаласындағы «Жақып Ақбай» мешітінде Нұртайқызы Индира, Дәуірғалиқызы Ақниет және Абдраймқызы Муслима ұстаздардың ұйымдастыруымен «Спорт — денсаулық кепілі» атты отбасылық эстафеталық іс-шара өткізілді.
Саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бұл бастамаға мешіт жамағаты мен бүлдіршіндер белсене қатысты. Жарыс барысында балалар мен ата-аналар түрлі спорттық кезеңдерден өтіп, ұйымшылдық пен шапшаңдықтарын көрсетті.
Қатысушы бүлдіршіндерге тәттілер таратылып, жеңімпаз командаларға жүлделі орындар мен марапаттар табысталды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі