18- қазан «Рухани келісім» мерекесіне орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында «Ана мен қыз» атты тәрбиелік мәні зор эстафеталық сайыс өтті.
Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, аналар мен қыздар арасындағы өзара сыйластық пен ынтымақты арттыру, сондай-ақ әйел жамағатының бірлігін нығайту болды.
Сайысқа қатысушылар үш топқа бөлініп, өзара бақ сынасты. Эстафета үш кезеңнен тұрды және әр кезеңде қатысушылар тапқырлықтарын, шеберліктерін, ұйымшылдықтарын көрсетті.
Нәтижесінде:
I орын – «Тәуекел» тобына,
II орын – «Жан жылуы» тобына,
III орын – «Алға» тобына бұйырды.
Жеңімпаз командаларға мешіт атынан сыйлықтар табысталды.
Шара соңында Фатима Аманболдықызы қатысушыларға ризашылығын білдіріп, аналар мен қыздарға үлгі боларлық осындай рухани-тәрбиелік шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.