Center Image
IHSAN.KZ
«Ар‑Рахман» мешітінде қайырымдылық іс-шарасы жалғасты
«Ар‑Рахман» мешітінде қайырымдылық іс-шарасы жалғасты

Қарағанды қалалық «Ар‑Рахман» мешітінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан қайырымдылық акциясы өз жалғасын тапты. Іс‑шара аясында аз қамтылған отбасыларға, мұқтаж жандар мен қарттарға азық‑түлік және тұрмыстық қажетті заттар үлестірілді.

Бұл игі бастама мешіт имамы Азамат Төлеуханұлының жетекшілігімен, жергілікті жамағаттың қолдауымен жүзеге асты. Осы іс-шара арқылы мұқтаж жандарға нақты көмек көрсетіліп қана қоймай, қоғамда ізгілік, мейірімділік және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын нығайту көзделді.

Мешіт ұжымы мен жамағаты ұйымдастырған қайымдылық акциясы — «Ар‑Рахман» мешітінің рухани‑ағартушылық және әлеуметтік бағыттағы тұрақты қызметінің көрінісі.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz