Center Image
IHSAN.KZ
«Хазірет Али» мешітінде мәуліт оқылды
«Хазірет Али» мешітінде мәуліт оқылды

Қарағанды қалалық «Хазірет Әли» мешітінде қасиетті жұма күні Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ туған айына орай мәуліт оқылды. Рухани іс- шара мешіт имамы Ербол Мұқанұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Шара барысында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бауыржан Мейірбекұлы мәуліт оқып, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен көркем мінезі туралы тағылымды уағыз-насихат айтты. Ұстаз өз сөзінде Пайғамбарымыздың мейірімі, сабыры және адамзатқа деген сүйіспеншілігі әрбір мұсылман үшін үлгі болуы керектігін атап өтті.

Жиналған жамағат Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік пен құрметтің белгісі ретінде салауаттар айтып, рухани әсерге бөленді. Сонымен қатар қасиетті Құран аяттары оқылып, ата-баба рухына арнап дұға бағышталды.




Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz