Бұқар Жырау ауданына қарасты Байқадам ауылдық «Ғизат қажы» мешітінде дін мен дәстүр бағыты аясында «Әжелер мектебі» құрылды.
Мектептің негізгі мақсаты — ұлттың рухани құндылықтарын жаңғырту, жастарға өнеге болу және дәстүрлі тәрбие мен имандылықты насихаттау.
Шара барысында мешіттің имамы Орынбай Ерлан жаңадан құрылған мектептің мәні мен мақсатына тоқталып, әжелер қауымымен алдағы жұмыс бағыттарын талқылады.
Өз кезегінде әжелер қауымы бұл бастаманы қолдап, қоғамдағы ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеуге өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізді