Center Image
IHSAN.KZ
Шет ауданында имамдардың біліктілігін арттыру семинары өтті
Шет ауданында имамдардың біліктілігін арттыру семинары өтті

ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сәйкес Қарағанды облысына қарасты Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде аудан, ауыл имамдарының білімін жетілдіруге арналған семинар өтті.

Оқыту семинарының негізгі мақсаты – ауылдық және шағын елді мекендердегі С санатындағы имамдардың кәсіби біліктілігін арттыру, діни білімін жетілдіру және қазіргі қоғам талаптарына сай мешіт қызметін тиімді ұйымдастыру бағытында әдістемелік тәжірибе беру болды.

Аталмыш семинарды Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы мен мешіт ұстазы Асыл Көкешұлы жүргізді.

Семинар барысында ұстаздар «Құран Кәрім», «Фиқһ», «Ғибадат исламия» және «Хадис» пәндері бойынша дәрістер өткізіп, қатысушылардың діни білімін жетілдірді.

Сонымен қатар, имамның қоғамдағы рөлі, жамағатпен қарым-қатынас әдебі, мешіт қызметіндегі жауапкершілік пен талаптар кеңінен талқыланды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz