«Әл Машани» мешітінде ұстаз Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен шәкірттерге «Әйелдерге қатысты мәселелер» тақырыбында тәрбиелік дәріс өткізілді.
Дәріс барысында әйелдердің құлшылықтағы, сапардағы және отбасындағы әдептері жайында кеңінен айтылды.
Шәкірттер тақырыпқа қызығушылық танытып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұстаз тарапынан толыққанды жауап алды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі