«Бала қажы» мешітінде ұстаз Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен шәкірттерге «Мұсылмандық тәрбиеге күш салу – міндетіміз» тақырыбында насихат айтылды.
Кездесу барысында ұстаз имандылық пен ізгіліктің маңызын түсіндіріп, жас ұрпақтың мінез-құлқын көркем етуге үндеді.
Шәкірттер өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.
Жиын соңында жастарға ата-анаға құрмет, мейірімділік пен жауапкершілік жайлы өнегелі кеңестер берілді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі